Хансұлтан Бақыт. Дата анализа: ноябрь 2026 г.

Возраст
8 лет
Город
Арыс. Туркестанская область
Диагноз
Генетическое исследование
Ориентировочная сумма
171 000 KZT

О ребенке

Обращение:

Біз, әкесі Исабаев Бақдәулет және анасы Сыздыкова Динара, Бақдәулетұлы Хансұлтанның, 01.12.2017 жылы туылған баланың ата-анасымыз. Диагнозы: демиелинизирующая болезнь ЦНС, другие уточнённые формы тремора. Сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектесулеріңізді сұраймыз...

Баламыз Хансұлтанның 3 жас 6 айға дейін барлығы жақсы еді, содан кейін затты ұстағанда, тамақ ішкенде екі қолы дірілдей бастады. Ұйқыдан оянғанда, ашуланғанда бүкіл денесі тырысады. 2023 жылы Облыстық балалар ауруханасының балалар неврологының кеңесін алған. «Резидуальная энцефалопатия. Невроз?» диагнозы қойылған. Амбулаторлы ем берілген, ВЭЭГ түсіру ұсынылған. Ата-анасы Шымкент қаласындағы жеке «Сұңқар» клиникасына қаратқан. Ол жақта да амбулаторлы ем берілген, бірақ нақты диагноз қойылмаған. Одан кейін ата-анасы қаратпай, мән бермеген.

Қазіргі таңда баланың қолының дірілі күшейіп, мектепте жазуға қиналады, достарынан ұялады. Діріл тыныштық кезінде де байқалады, қолды мақсатты түрде пайдаланғанда, әсіресе жазу және тамақтану кезінде күшейіп кетеді. Осы шағымдарға байланысты 26.08.2026 ж. күні Отырар аудандық аурухананың невролог дәрігеріне қаралған. МРТ бас миына және ВЭЭГ тексеруге жолданған.

МРТ бас миына от 31.08.2026 ж. ЗАКЛЮЧЕНИЕ: МРТ-признаков органических изменений головного мозга не определяется. Гипертрофия слизистых гайморовых пазух и решётчатых костей — катаральные изменения.

ВЭЭГ-3 часа от 04.10.2024 ж. ЗАКЛЮЧЕНИЕ: Амплитудно-частотные показатели БЭА соответствуют возрасту. Стадии и цикличность сна дифференцированы, физиологические транзиты сна присутствуют недостаточно. Специфическая эпи.активность не зарегистрирована.

Диагнозын нақтылау мақсатында Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы Республикалық балалар клиникалық ауруханасына жоспарлы портал арқылы жолданды. 22.09–30.09.2026 ж. аралығында Республикалық балалар клиникалық ауруханасында стационарлы ем алып шықты. Бірақ екі қолының дірілі басылған жоқ. Диагнозы нақты қойылған жоқ. Диагнозын нақтылау мақсатында С.Д. Асфендияров атындағы Республикалық балалар ауруханасының неврология бөлімінің меңгерушісі Жақсыбек М.Б. «Генетический анализ крови на Большую неврологическую панель» клиникаларында ближнего и дальнего зарубежья тапсыруды ұсынған.

Мен, Сыздыкова Динара, Отырар аудандық ауруханасының лаборатория бөлімінде лаборант болып жұмыс істеймін. Әкесі Исабаев Бақдәулет жұмыссыз. Өзіміз көпбалалы ата-анамыз, 5 бала-шағамыз бар. 2-ші қызым ІІІ топ мүгедектігі бар бала. Отбасымызда ата-енемізбен бірге тұрамыз. Одан бөлек, жолдасымның туған ағасы ДЦП диагнозымен «Д» есепте тұрады, І топ мүгедегі. Жалпы бір үйде 11 адам бірге тұрамыз. Қаражат барлығына жетпейді.

«Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін».

ТАӘ: Сыздыкова Д.С.

История болезни

Хансұлтану 8 лет. До трёх с половиной лет он рос как все дети, а потом у него начали дрожать обе руки, когда он берёт предмет или ест. Позже дрожь стала заметна и в покое, а при волнении или гневе напрягается всё тело. Сегодня Хансұлтану трудно писать в школе, и он стесняется друзей. Врачи в районе и в Алматы, в Республиканской детской клинической больнице, обследовали мальчика, провели МРТ и ЭЭГ, он лежал в стационаре, но дрожь не прошла, а точного диагноза до сих пор нет. Предполагались демиелинизирующее заболевание нервной системы и одна из форм тремора, однако подтверждения не получено. Заведующая неврологическим отделением рекомендовала сдать генетический анализ крови на Большую неврологическую панель в Медико-генетическом центре «Геномед» Россия, Москва: он может найти причину и подсказать, как лечить. В семье пятеро детей, у одной из дочерей инвалидность. Мама работает лаборантом в районной больнице, папа без работы, и в одном доме вместе с бабушкой и дедушкой живут 11 человек. Денег на дорогой анализ у семьи нет. Помогите Хансұлтану получить ответ, чтобы он мог писать, играть и чувствовать себя уверенно рядом с друзьями. Забор биоматериала будет произведен в ноябре 2026 г. Вы можете помочь Хансұлтану, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".